$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2020, 13:12
Оқиғалар

Алматыдағы карантин: блок-бекеттерді айналып өтпек болған 4 адам қамалды

Олардың бірі - Қырғызстан азаматы

Алматыдағы карантин: блок-бекеттерді айналып өтпек болған 4 адам қамалды

Алматы облысында тосқауыл бекеттерін айналып өтпек болғандар қамалып жатыр. Карантиндік тәртіпті бұзған 4 адамды сот қамауға алды. Олар Алматы қаласымен шектес тосқауыл бекеттерін заңсыз айналып өтпек болғанда қолға түскен.

«1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны еліміздегі төтенше жағдай тәртібін бұза отырып, Алматы қаласының аумағына Ақсай өзені арқылы жасырын өтуге тырысқан. Екінші жағдайда 1968 жылы туған Алматы облысының тұрғыны осы әдіспен карантин жарияланған аумаққа өтуге әрекеттенген. Тағы бір Алматы облысының тұрғыны Іле ауданының Покравка елдімекенінің маңындағы №22 тосқауыл-бекеті жанында ұсталды. Төртінші құқық бұзушы 2000 жылы дүниеге келген Қырғызстан елінің азаматшасы болып шықты. Оның өзімен ешқандай құжаттары жоқ. Қазіргі жағдайда аталған азаматтардың әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жазаланатыны белгілі», - деп хабарлады Қарасай ауданы Полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Ұсталған азаматтарға ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылған. Сондай-ақ, мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен олар 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Ал, Қызғыз Республикасының азаматы барлық жағдай анықталғанға дейін қабылдау-тарату мекемесінде болады.

Серіктес жаңалықтары