10.08.2023, 00:49
Оқиғалар
Астанада 6 жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап, мерт болды
Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі
Фото ашық дереккөзден
Астанада 9-қабаттың терезесінен 6 жасар бала құлап кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 9 тамызда болған.
«Алған жарақаттарынан алты жасар бала сол жерде қайтыс болды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Сараптама жасалады», - делінген хабарламада.
Полиция ата-аналарға үйдегі сақтық шараларын күшейтуді айтып дабыл қағып жатыр.
«Егер сіздің балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оған сүйенем деп, москит тормен бірге құлап кетеді. Балаңыз терезені өздігінен аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін: құлыптар, блокаторлар орнатыңыз», - деп ескертеді полиция.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді