09.08.2023, 17:03
Оқиғалар
Астана қаласындағы паркингтердің бірінде қымбат автокөлік өртенді
Тұрғын үй кешенінен 150 адам эвакуацияланды
9 тамызда сағат 13.54-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері көпқабатты тұрғын үй кешенінің паркингінде автокөліктің жануы бойынша шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер мекенжайға келгеннен кейін тұрғын үй кешенінің паркингінде Range Rover маркалы автокөліктің жанып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызыл жалынды сөндіру барысында өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды, оның ішінде 1 бала бар. 150 адам эвакуацияланды, оның 30-ы бала.
«Өрт сағат 14.40-та жойылды. Барлығы 63 адам, 16 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арнайы машинаның көмегімен паркингтен түтін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді