09.08.2023, 00:45
Оқиғалар
БҚО-да 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды
Баланы құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен құтқарды
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні Теректі ауданы Юбилейный ауылында болды.
«Сағат 17.19-да 2017 жылғы баланың металл қоршауға қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары балақайдың үй маңындағы қоршаудан шыға алмай тұрғанын көреді. Құтқарушылар алдымен оны сабырға шақырып, содан кейін арнайы құралдардың көмегімен металл қоршаудан алып шығып, ата-анасына табыстады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды