Таразда 45 жастағы ер адамнан аса ірі мөлшерде героин табылды
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды
45 жастағы Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Тараз қаласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің Тараз қалалық прокуратураның бірлесуімен жүргізілді. Жеке тінту барысында күдіктінің киімінің қалтасынан 6 орам және үйін тінту кезінде тағы 10 орам – 1,065 грамм героин табылып, тәркіленді.
«Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», – деді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.