08.08.2023, 11:48
Оқиғалар
Жетісу облысында жол апатынан әйел адам көз жұмды
Сондай-ақ 2 жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды
Жетісу облысында жол апатынан бала жарақат алып, әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дерек 8 тамыз күні Mercedes Benz көлігінің қатысуымен Көксу ауданында тіркелді. Неміс шетелдік көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Ол Алматы-Өскемен тас жолының 235 шақырымында көліктің аударылуына жол берген.
Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
