$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Токсикалық заттан қатты улану»: Ажар Ғиният Қарағандыда балалардың улануы жайлы

6 бала жансақтау бөлімінде жатыр

«Токсикалық заттан қатты улану»: Ажар Ғиният Қарағандыда балалардың улануы жайлы
Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында Қарағанды облысында балалардың улануына қатысты баяндама жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ауруханаға түскен 14 баланың 7-еуі ауруханадан шығарылды. Қазір олар сол орталық дәрігерлерінің бақылауында. 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. 4 баланың жағдайы ауыр болып қалуда. 2 баланың жағдайы өте ауыр. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интаксикациялық синдромына тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр. Осы оқиға туралы ақпарат түскеннен бастап ДСМ шұғыл түрде жетекші республикалық мамандардың шығуын ұйымдастырды. Қарқынды терапия көрсету қамтамасыз етіліп жатыр», - деді министр.

Министр зардап шеккен балалардың жағдайына мониторинг жүргізуді жалғасып жатқанын айтты.

«Алдын ала эпидемиологиялық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері аурудың даму сипаты тамақтан уланбағанын және инфекциялық аурулардың жоқтығын көрсетті. Бұл жағдайдың болу себебін дәрігер мамандар токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында», - деді ол.

Айта кетейік, Қарағанды облысында балалар жаппай уланып, 1 бала көз жұмған еді.

Серіктес жаңалықтары