05.08.2023, 09:44
Оқиғалар
ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Фото ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Оның біреуі – 2023 жылы туған сәби. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты 3 тамызда Күршім ауданының аумағында болған.
«Күршім – Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында Nissan Teana маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», - делінген хабарламада
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды