$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2023, 11:43
Оқиғалар

Түркістан облысында 5 күн бойы іздестіріліп жатқан әйел туралы жаңа мәліметтер шықты

Ол 31 шілде сағат 11:00 шамасында үйінен Дихан ауылына шығып, содан қайтып оралмаған

Түркістан облысында 5 күн бойы іздестіріліп жатқан әйел туралы жаңа мәліметтер шықты

Түркістан облысының жоғалған азаматшасы Гүлсім Наржігітованың туыстарына жүргізілген сауалнама барысында оның үйден қандай мақсатта шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Жоғалған әйелдің туыстырының айтуынша, ол құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сату үшін үйден шыққан.

Содан кейін әйелдің із-түзсіз жоғалып кетуі күдік тудырды. Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, жедел-тергеу тобы құрылды.

Жоғалған әйелді іздестіру бойынша іс-шараларға полиция облыстары жұмылдырылған.

Оның ішінде іздестіруі жұмыстарына Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің және көршілес полиция бөлімдерінің, сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағының барлық жеке құрамы тартылды.

Егер сізде жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Серіктес жаңалықтары