02.08.2023, 11:04
Оқиғалар
Талдықорғанда төрт жасар бала бассейнге батып кетті
Оқиға кезінде ол ата-ана қарауынсыз болған
Талдықорғанда төрт жасар бала демалыс орталықтарының біріндегі бассейнге батып кетіп, көз жұмды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2023 жылдың 1 тамызында Талдықорған қаласының Жедел жәрдем пультіне қаладағы отбасылық демалыс орталықтарының бірінің бассейнінде баланың суға батып кеткені туралы шақыру келіп түсткен.
«Шақыру орнына келгеннен кейін, ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті, бірақ, өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді