«Балалардың артынан жүгірді»: Ақтауда тұрғындар полицияға бұзақыны ұстап берді

Azattyq Rýhy

Ұсталған ер адамға қатысты тыныштықты бұзғаны үшін хаттама толтырылды

«Балалардың артынан жүгірді»: Ақтауда тұрғындар полицияға бұзақыны ұстап берді

Әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындары 26 шағын ауданда балалардың артынан жүгіріп жүрген ер адамды ұстағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

«2023 жылғы 31 шілдеде сағат 00:25-те 102 кезекшісінің пультіне 26 шағын ауданда кішкентай балалардың артынан жүгіріп жүрген ер адамды ұстағаны туралы қоңырау келіп түсті. Бұл шақыруға патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты. Тексеру барысында 43 жастағы ер адам балалардың артынан жүгірмегені, ал түнде тыныштықты бұзғаны, адамдарды алаңдатқаны анықталды»,-деді полицияның баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК 437-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.