Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Қайтыс болғандардың арасында бала да бар
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, соның салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті қайғылы оқиғаның 26 шілдеде сағат 11:00 шамасында Алматы-Астана автожолының 225 км-де болғанын мәлімдеді.
«Toyota Corolla маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі жолда келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан Toyota Camry маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Оның біреуі - кішкентай бала», - делінген хабарламада.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді.
Қазіргі кезде қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.