Шымкентте бетон араластырғыштың жүргізушісі бағдаршамда тұрған көліктерді соғып кетті
Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр

Шымкентте бетон араластырғыштың жүргізушісі бағдаршамда тұрған көліктерді соғып кетті, деп хабарлады Azattyq Rýhy жергілікті Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында болған.
«Бетон араластырғыштың жүргізушісі бар жылдамдықпен сегіз көлікті соққан. Куәгерлердің айтуынша, апатқа тежегіштіңістен шығуы себеп болған», - деп жазды басылым.
Бір адамзардап шекті – Mazda жүргізушісіауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылды, қалғаныжеңіл жарақат алған.
Басылымның мәліметінше, көліктердің барлығы металл үйіндісіне айналды.
Оқиға орнында ұзын-сонар – кемінде 2 шақырым көлік кептелісі түзілді. Полицейлер жолды босатуға тырысты.
Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.