$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2019, 09:34
Оқиғалар

Ақтауда мектеп оқушысы 10 қабаттан секіріп кетті

Істің ақ-қарасын полиция анықтап жатыр 

Ақтауда мектеп оқушысы 10 қабаттан секіріп кетті
Фото: znaj.ua

Ақтауда 10 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше таңғы 4-тер шамасында болды. 14 жастағы бала 9 қабаттан секіріп кеткен. Оқушы түннің бір уақытында өзінің бұрынғы үйіне келіп, суицид жасаған. Оның өз-өзіне неліктен қол жұмсағаны әзірге белгісіз. Ұстаздар тарапы оның үлгілі оқушы болғанын айтады. 

Гүлмира Өтегенова, Ақтау қаласы № 6 Орта мектеп директоры:

Бала жақсы, орнықты жанұяның баласы. Әке-шешесі жас адамдар. Баланың үлкені семьядағы.  Мінезі кішкене жуастау болғанымен, бірақ ашық, және сөйлесуге, контактіге шығып отырған бала.

Істің ақ-қарасын анықтауға полиция кірісті. Олар баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісін де жоққа шығармайды.

Әйгерім Ибадуллаева, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы: 

Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары