26.07.2023, 15:19
Оқиғалар
Екібастұзда автогаз құю бекетінен өрт шығып, жарылыс болды
Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр
Павлодар облысында автогаз құю бекетінің 4 цистернасынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт Екібастұз қаласындағы автокөліктерге автогаз құю бекетінен шыққан.
«Өрт жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты. Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан меншік үй секторларына өту қаупі бар», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр.
Сағат 15.00-де түскен ақпаратқа сүйенсек, қазіргі сәтте өртт оқшауланды.
«Өртті сөндіру жалғасып жатыр», - делінген ТЖД Хабарламасында.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады