«Сегіз көлік зардап шекті»: Шымкентте бетон араластырғыш жүк көлігі ЖКО-ға себепкер болды

Azattyq Rýhy

Апат орнында екі шақырымға созылған кептеліс туындады

«Сегіз көлік зардап шекті»: Шымкентте бетон араластырғыш жүк көлігі ЖКО-ға себепкер болды

Шымкентте Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында бетон араластырғыш көліктің жүргізушісі бағдаршамның жанында тұрған автомобильдерге соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасынан бас-аяғы сегіз көлік зардап шекті.

Куәгерлер бетон араластырғыш көліктің тежегіші істен шыққан деп болжады.   

Нәтижесінде «Mazda» көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерді қалғаны жеңіл жарақат алған.

Барлық көліктерге елеулі материалдық залал келтірілді.

Апат орнында екі шақырымға созылған кептеліс туындады.

Жол полициясының қызметкерлері көліктерді сүйретіп жылжытты. Болған оқиғаның барлық егжей-тегжейлері анықталуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.