Қостанайда есірткіні Kinder ойыншығына салып өткізбек болған ресейлік ұсталды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс жүргізу басталды

Қостанайда есірткіні Kinder ойыншығына салып өткізбек болған ресейлік ұсталды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері «Қайрақ» шекара бекетінде ресейліктен Kinder ойыншығына тығып қойған есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ПД хабарлауынша, «Қарасора 2023» жедел алдын-алу шарасы аясында «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қарабалық аудандық полиция қызметкерлері және Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы шекарадан Kinder ойыншғына салып өткізбек болған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінен «Қарасора» жедел алдын-алу шарасы басталғалы бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі затын тәркілегенін хабарлады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.