Алматыдағы Барахолка базарының маңында жүк көлігі жас қызды қағып кетті

Azattyq Rýhy

Салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді

Алматыдағы Барахолка базарының маңында жүк көлігі жас қызды қағып кетті
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы Барахолка базарының маңында жүк көлігі жас қызды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 25 шілдеде болған. Үш баласын жетектеп жүгірген отбасы жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді. Ағылған көліктен кері қашқанда, әйелдің жетегіндегі жасөспірім қызды жүк көлігі қағып өтеді. Қатты соққыдан ұшып кеткен қызға ер адам көмекке жүгіреді. Оның жетегінде де бала болды.

«Сағат 15:00 шамасында Жетісу ауданында Мерседес маркалы көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнын Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалады», - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.