24.07.2023, 20:43
Оқиғалар
Жаңаөзенде жұмысшы электр бағанасында қайтыс болды
Оны жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген сәтте ток соққан
Фото ашық дереккөзден
Жаңаөзенде электр энергиясымен жабдықтаушы мекеменің қызметкері электр бағанасында қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.
«Жаңаөзен қаласы Рахат-3 ықшамауданы, 24-көше, 119-үйдің жанындағы жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспетчерлік жедел жәрдемге ақпарат түсті. Жоғары вольтті (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз себептермен «Өзенэнергосервис» МКҚК-нің 1992 жылғы қызметкері ток соғып, сол жерде қайтыс болғаны анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Көп оқылған
01.04.2026, 10:55
«Екі рет сараптама жүргізілді»: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті неліктен психиатриялық ауруханаға жатқызылды
01.04.2026, 09:35
«Finsky Ice», «Сибирские морозы»: Семей тұрғыны гаражында спирт пен суды араластырып, ішімдік дайындаған
01.04.2026, 18:01
«Барселона» Қазақстаннан шыққан жас талантпен келісімшартқа отырды – Mundo Deportivo
01.04.2026, 09:12
Ақтауда ер адам түйесін көпқабатты үйдің жанына байлап қойған (ВИДЕО)