$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2023, 12:15
Оқиғалар

Ақтөбе облысында 5 жасар баланы түлкі тістегеннен кейін шаруа қожалықта карантин жарияланды

Бала толық емдеу курсынан өтіп, 12 шілдеде ауруханадан шығарылды

Ақтөбе облысында 5 жасар баланы түлкі тістегеннен кейін шаруа қожалықта карантин жарияланды

2023 жылдың 4 шілдесінде Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің Жаманкөл ауылында Қобда өзенінің жағасында 5 жасар баланы түлкі тістеп алып, артынша «құтыру» диагнозы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға болған сәтте баланың ата-анасы жақын маңда жүрген. Бүлдіршін Қобда аудандық ауруханасына жеткізіліп, стационарға жатқызылды. Баланың әкесі ветеринария мамандарын күтпестен түлкіні сол жерде өлтіріп тастаған.

«Ветеринариялық мамандар өлтірілген түлкінің басын алып, диагноз қою үшін Ақтөбе облыстық ветеринариялық зертханасына жіберді. Түлкі мәйітінің қалдықтары мал қорымына шығарылып, өртелді. Сараптама нәтижесі бойынша «құтыру» диагнозы қойылды.

Қобда ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысымен және Жарық ауылдық округі әкімінің шешімімен «Ер-темір» шаруа қожалығына «құтыру» ауруына байланысты шектеу шаралары қолданылатын болады», - делінген хабарламада.

Аталған шаруа қожалықта 130 бас ірі қара, 742 бас ұсақ мал және 144 бас жылқы бар.

Сауықтыру іс-шараларын «Эпизоотияға қарсы жасақ» РМК күштері жүргізеді.

Бүгінгі таңда бала толық емдеу курсын алды, 2023 жылдың 12 шілдесінде ауруханадан шығарылды.

Серіктес жаңалықтары