$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2023, 13:41
Оқиғалар

Жамбыл облысында ірі көлемде оқ-дәрі мен қару-жарақ жасырылған орын табылды

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Жамбыл облысында ірі көлемде оқ-дәрі мен қару-жарақ жасырылған орын табылды

Шу ауданында қараусыз қалған ғимараттың жертөлесінен үлкен көлемде оқ-дәрілер мен қару-жарақ табылды, деп жазады Polisia.kz.

Жамбыл облысының Шу ауданында қараусыз қалған ғимараттың бірінің жертөлесінен үлкен көлемде оқ-дәрілер мен қарулар жасырылған орын табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.

«Нәтижесінде 9 бірлік қару мен оқ-дәрілер, атап айтқанда 4 бірлік 16 калибрлі ИЖ-ЗК бір оқпанды аңшы мылтығы, 16 калибрлі ИЖ-17 бір оқпанды шолақ мылтық, 9 мм калибрлі Байкал 79-9ТМ травматикалық тапаншаның 2 бірлігі, тапанша, 5,45 мм калибрлі патрондардың 270 бірлігі, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі ПМ тапаншасы табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.

ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 

Серіктес жаңалықтары