$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2023, 10:40
Оқиғалар

Шымкентте кәсіпкерлер жалған шот-фактура жазып, 700 млн теңге салық төлемеген

Олар 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

Шымкентте кәсіпкерлер жалған шот-фактура жазып, 700 млн теңге салық төлемеген
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жалған шот-фактура жазумен айналысқандарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 2 азаматтың әрекеті әшкереленген.

«Олар 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрған, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалды», - делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары