$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2023, 17:11
Оқиғалар

Ақтөбеде зейнеткерді 15 млн теңгеге алдаған алаяқтар ұсталды

Күдіктілер өзге де егде жастағыдарды алдаған болып шықты

Ақтөбеде зейнеткерді 15 млн теңгеге алдаған алаяқтар ұсталды

13 шілдеде 84 жастағы ақтөбелік әжей қалалық полицияға белгісіз біреуге алданғаны туралы шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазон сайтына сілтеме жасап.

Қарт әжеге әлдекімдер хабарласып, қызының апатқа ұшырап, ауруханада жатқаны және операцияға көп ақша қажет екендігі туралы айтқан. Осы сылтаумен алаяқтар зейнеткердің ақшасын иемденді. Жәбірленуші оларға 15 млн теңге берген.

Алаяқтарды іздестіру кезінде, банк қызметкерлерінің көмегімен ақша аудару барысында үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың барлығы Алматының тумалары. Ұсталғандардан 15 млн теңге тәркіленді, олар банк терминалдары арқылы ақшаны өз таныстарының шоттарына жібермек болды.

Қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандардың Ақтөбенің басқа тұрғындарын да осылай алдағаны анықталды. Барлық зардап шеккендер егде жастағы адамдар.

Серіктес жаңалықтары