$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында 4 жасар баланы құтырған түлкі тістеп алған

Шаруа шаруашылығында 21 күн карантин жарияланды

Ақтөбе облысында 4 жасар баланы құтырған түлкі тістеп алған
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаманкөл ауылындаі төрт жасар баланы құтырған түлкі тістеп алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, баланың отасымен бірге ферма маңындағы өзенге шомылып жатқан. Кенет қамыс арасынан жүгіріп шыққан түлкі балаға тарпа бас салған.

Жыртқыш өлтіріліп, ұшасы зерттеуге жіберілді. Талдау көрсеткендей, жабайы жануар құтырма ауруын жұқтырған болып шықты.

Оқиғадан кейін мұрны, маңдайы және беті жараланған бала Қобда ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ оның жамбасы мен балтырында, самай аймағында тырнақ ізі қалған.

Бала құтырмаға қарсы екпе алады, профилактикалық ем 28 күнге созылады. Балаға ауыл дәрігері қарап жатыр.

«Шаруа шаруашылығында 21 күн карантин жарияланды, ауылдан мал шығаруға және әкелуге болмайды. Ет, сүт және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді сыртқа шығаруға болмайды», - деді Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.

Серіктес жаңалықтары