$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 11:01
Оқиғалар

Әлемде 246 мыңға жуық адам жұқтырды: коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер

Қауіпті вирустан көз жұмғандардың саны 10 мыңнан асып кетті

Әлемде 246 мыңға жуық адам жұқтырды: коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер
Фото: pixabay.com

Әлемде аса қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 245 805 адамға жетті, көз жұмғандардың жалпы саны 10 мыңнан асып кетті, делінген Worldometers сайты келтірген мәліметтерде. Аталмыш сайтта коронавирусқа қатысты мәліметтердің сәт сайын жаңарып жатқанын атап өту керек.

Қытайда бүгін таңертең тағы 39 адамның ауру жұқтырғаны және 3 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Айта кетерлігі, бұл елдің өз тұрғындары арасында соңғы тәуліктерде COVID-2019 вирусын жұқтырғандар саны тіркелмеген, ауру жұқтырғандарға қатысты соңғы мәліметтің бәрі тек сырт елдерден келіп жатқан азаматтарға қатысты болып отыр. 

Ал Италия коронавирус құрбандары саны жағынан Қытайдан асып түсті, яғни бұл елде бір тәулікте 427 адам қайтыс болды. Осылайша, Италияда вирустан көз жұмғандар саны 3 405 адамға жетті, 41 мыңнан астам тұрғын ауру жұқтырған.  

Көрші Ресей елінде өткен тәуліктерде 52 адамның коронавирустық инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, Ресейде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 199 адамға жетті. Бір тәулікте елдің 23 аймағынан 52 адамның COVID-2019 вирусын жұқтырғаны анықталды. 19 наурыз күні Мәскеуде коронавирустан алғашқы науқас қайтыс болды. 

Сондай-ақ, көршілес Қырғызстан аумағында да бүгін таңертең тағы 3 адамның коронавирус жұқтырғаны жария етілді. Қазіргі уақытта ауру жұқтырғандар саны 6 адамға жетті.

Ал Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне байланысты 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілген болатын

Елмізде қазіргі таңда COVID-2019 инфекциясын жұқтырғандар саны 49 адамға жетіп отыр:  Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам тіркелді

Серіктес жаңалықтары