11.07.2023, 22:50
Оқиғалар
Жетісу облысында ер адам әйелді зорлап, артынша өртеп жіберген
Қазіргі уақытта полиция тергеу әрекеттерін жүргізуде
Фото: astanatv.kz
Жетісу облысында ер адам 1980 жылы дүниеге келген әйелді зорлап, жауыздықпен өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.
Артынша ізін жасыру үшін күдікті мәйітті өртеп жіберіпті. Сұмдық оқиғаға қатысты полиция заңда көзделген қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
«Күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы