Түркістан облысында тау басында жоғалып кеткен туристің денесі табылды

Azattyq Rýhy

Құтқару-іздестіру жұмыстарын ауа райының қолайсыздығы қиындатып жіберген

Түркістан облысында тау басында жоғалып кеткен туристің денесі табылды

Түркістан облысында жоғалған туристің денесін тау басынан түсіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте жоғалып кеткен, 1967 жылы туған адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда», - деді ТЖМ өкілдері.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды.

Бұған дейін құтқарушылар шыңнан түсу кезінде таудан құлап түскен туристті іздеу жұмыстарының видеосымен бөліскен болатын.

«Құтқару-іздестіру жұмыстары үздіксіз жаңбыр, бұршақ араласқан қар түріндегі ауа-райының қолайсыздығымен қиындады. Айта кету керек, жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдардан тұрады, бұл қар аралас жауын-шашынның салдарынан құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.