Ақмола облысында мас жүргізуші 10 жастағы қызды қағып, қашып кеткен

Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы 9 шілдеде болған

Ақмола облысында мас жүргізуші 10 жастағы қызды қағып, қашып кеткен
Фото: Depositphotos.com

Ақмола облысында көлік жүргізушісі 10 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 9 шілдеде болған.

«Сағат 11.51 шамасында Ерейментау АПБ кезекші бөліміне медбикеден Астана қ. ауруханасына «Оң жақ жамбас мойнының сынуы» диагнозымен Ерейментау қ. 10 жасар тұрғыны жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Тәртіп сақшылары оқиға куәгерлерін анықтады, олар «ВАЗ-21012» маркалы автокөліктің жолға шығып, баланы қағып кетіп, әрі қарай жүріп кеткенін растады», - делінген ПД хабароамасында.

Аталған фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бөлігінің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 30 жастағы жүргізушіні анықтады, ол рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншінің соқтығысуына жол беріп, оқиға орнынан кетіп қалған. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Дәрігердің қорытындысына сәйкес жүргізушінің «ауыр дәрежелі» алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.