10.07.2023, 23:32
Оқиғалар
Ақтөбе-Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті
Автокөліктің жолаушысы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе-Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті. Салдарынан жолаушы көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолында болды.
Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласынан Алға қаласына қарай бет алған «ВМW» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетеді.
Салдарынан «DAF XF 95 430» автокөлігіне соққан. Оның рульінде 44 жастағы алматылық болды.
«Салдарынан «BMW» автокөлігі өртеніп кетті. Осы автокөліктің жолаушысы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Ал жүргізуші Ақтөбе қаласындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті