19.03.2020, 23:46
Оқиғалар
Ақтөбеде жол апатынан 5 адам қаза тапты
Самара-Ташкент тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты
Фото: баспасөз қызметінен
Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты «Самара – Шымкент» тасжолының Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылы маңында болды. Қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлік жүргізушісі «Iveco» жүк көлігімен соқтығысты.
«Салдарынан жеңіл көлікте болған барлық бес адам оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған ақпаратта.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды