ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Талдықорған тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

Талдықорғанда полицейлер әйелге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Бүгін таңғы сағат жетілер шамасында Талдықорған қаласының Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Уәлиханов – Ізбасаров көшелерінің қиылысында 35 жастағы азаматшаға қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаскүнем азаматшаның жамбасының төменгі бөлігіне пышақ жарақатын салып, оның косметика, құжат және төрт жүз мың теңгеден астам ірі ақшасы бар сөмкесін қолды қылған», - деп жазылған хабарламада.

Аз уақыт ішінде жедел уәкілдер ұрлық жасағаны үшін бұрын екі рет сотталған, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 34 жастағы ер адамды ұстады. 

«Жәбірленуші мен қылмыс жасаған ауданда күдіктіні көрген куәгерлер азаматты таныды. Ұсталған азаматтың қылмыс жасамағаны туралы ұсынған айғақтары дәлелденбеді», - деп жазылған хабарламада.

Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.