10.07.2023, 13:24
Оқиғалар
Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті
Қайғылы оқиға 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында болған
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында болған.
«Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Құрметті ересектер! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер!» - дейді ТЖД өкілдері.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)