$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2023, 13:43
Оқиғалар

Өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткен оқиғасы: Алматы полициясы пікір білдірді

ПД өкілдері интернетте тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді

Өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткен оқиғасы: Алматы полициясы пікір білдірді
Фото: polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаменті екінші қабаттан секіріп кеткен қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегіне сәйкес қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы: 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» және 194-бабы «Бопсалау» бойынша жалғасып жатыр.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері анықталды. Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Қызды ұрып-соғып жатқан бейнеге қатысты тергеу анықтағандай, оқиға 2022 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласында күдікті мен оның танысының қатысуымен болған.

«Алайда бұл дерек бойынша полицияға шағымдар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушіні іздестіріп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары