$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2023, 15:41
Оқиғалар

Қарағанды облысында жалдамалы пәтерге жігітімен кездесуге келген қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Қарағанды облысында жалдамалы пәтерге жігітімен кездесуге келген қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Саран қаласында жалдамалы пәтерге жігітімен кездесуге келген қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Патриот телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қыз бен жігіт кезекті кездесу барысында пәтер жалдаған.

Полицияны жігіттің өзі шақырған. Ол дос қызының себепсіз қайтыс болғанын жеткізген. Полиция келген кезде қыздың мәйіті төсекте жатқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.  Жас жігіт оны ренжітпегенін, арада ешқандай жанжал болмағанын айтты.

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Бұл факт тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

⠀Марқұмның артында кішкентай қызы қалды. Қазір ол нағашы әжесінің жанында.

Серіктес жаңалықтары