Ақтаудағы спортшы қыздың өліміне қатысты іс «Адам өлтіру» бабына ауыстырылды
Марқұмның туыстары оны бұрын кездескен жігіт өлтірді деп санайды
Ақтауда 2 шілдеде су жиналатын арнадан өлі табылған 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованың өліміне қатысты іс «Кісі өлтіру» бабына өзгертілді. Бұл туралы отбасының адвокаты Ажар Әбділ мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша қозғалған. Кейін полиция 119-бап («Қауiптi жағдайда қалдыру») бойынша тергеу жүргізуді бастаған болатын. Қазір ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне (кісі өлтіру) қайта ауыстырылды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу соты оған қатысты 10 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деді Ажар Әбділ.
Марқұмның туыстары оны бұрын кездескен адам өлтірді деп санайды. Олар сондай-ақ қызға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғаны туралы куәлік берді.