04.07.2023, 15:29
Оқиғалар
Павлодарда ағаш кесіп жатқан үш адамды тоқ соқты
Оқыс жағдай Усолка шағын ауданында болған
Фото: Павлодар облыстық ТЖД
Павлодарда ағаш кесіп жатқан үш адамды тоқ соқты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Вектор» аялдамасы жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде ішінде адамдар болған манипулятордың көтергіші құлаған.
«Ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу кезінде манипулятордың көтергіші электр желілеріне тиген. Салдарынан үш адам электр тогынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», – деді департаментте.
Олардың екеуі 2002 жылы және біреуі 2000 жылы туған.
112 пультіне қоңырау сағат 09:28-де түскен. Оқиға орнында төрт құтқарушы, апаттар медицинасы орталығынан төрт қызметкер, 102 және 103 қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады