Шымкентте «КАМАЗ» жүргізушісі көлікке қысылып қалды

Azattyq Rýhy

Оны құтқарушылар құтқарып қалды

Шымкентте «КАМАЗ» жүргізушісі көлікке қысылып қалды

Шымкентте құтқарушылар көлікке қысылып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» құтқару қызметіне 28 маусымда сағат 12:25-те автокөлікке жүргізуші қысылып қалғаны туралы хабар келіп түскен.

Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі мен өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барып, Абай ауданы, Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдында жер асты жүру жолын салу орынында, «КАМАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соқтығысқанын анықтады. Нәтижесінде көлікке қысылып қалған 1989 ж. т. көлік жүргізушіні арнайы авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен шығарып алды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болған, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімдерінен 11 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.