28.06.2023, 16:52
Оқиғалар
Алматыда 11 жасар қарағандылық қыз лифтіде мысықты аяусыз ұрып-соққан
Ақпаратты Алматы қаласы полиция департаменті растады
Фото ашық дереккөзден
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтте жасөспірім жануарды азаптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде мысықтың соққыға жығылған сәтінің видеосы жарияланды. Болжам бойынша, оқиға Алматыдағы «12 ай» сауда үйінің бірінде болған.
Ақпаратты Алматы қаласы полиция департаменті растады.
«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізді. Құқық бұзушылықты ата-анасымен бірге Қарағанды қаласынан туыстарына қонаққа келген 11 жасар қыз жасағаны анықталды. Басқа да жағдайлар анықталған. Бұл ретте құқықтық баға беріледі», - деп түсіндірді полицейлер.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды