$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 15:12
Оқиғалар

Қызылорда облысында күріш өндіретін алты кәсіпорынға 68 млн теңге айыппұл салынды

Олар күріш бағасын өзара келісіп, қасақана көтерген

Қызылорда облысында күріш өндіретін алты кәсіпорынға 68 млн теңге айыппұл салынды
© Sputnik

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысында күріштің алты ірі өндірушісі мен көтерме сатушысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Агенттік мәліметінше, «Абзал и К» ТС, «Мағжан и К» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Най-Мир» ЖШС, «Абай-Даулет» ЖШС және «Байдалиев К» ЖК күріш бағасын белгілеп және ұстап тұрғаны туралы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактілері анықталған.

«Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Осы жылдың маусымында сот жоғарыда аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты», - делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары