$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 11:42
Оқиғалар

Алматы полицейлері бес жезөкшелер үйін анықтады

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілді

Республика көлемінде өтіп жатқан «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы полицейлері бес жезөкшелер үйін анықтады. Сондай-ақ жаңа туған сәбиді сату дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ адам саудасына қатысты басқа да заң бұзушылықтар республикалық «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

Айта кету керек, Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілді.

«Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, монша кешендерінде, сауналарда, қонақүйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды. Сонымен қатар, арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ емдік массаж жасайтын орынның кейпін жамылып, интимдік қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды», – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

 

Серіктес жаңалықтары