22.06.2023, 09:02
Оқиғалар
Алматыда ұсталған азамат полиция көлігінде өзіне қол жұмсады
Полиция дерегінше, марқұм мас күйде болған
Фото ашық дереккөзден
Көлік ұрлады деп күдіктелген азамат ұсталғаннан кейін полиция көлігінде суицид жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, марқұм мас болған.
«Алматы қалалық ПД танысының Toyota маркалы автокөлігін ашық түрде ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылғы азамат И.-дың өліміне қатысты қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас күйде болған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады