21.06.2023, 12:37
Оқиғалар
Астана маңындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр
Өртті сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылған
Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақта құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет қатынап, көлемі 447 тонна су төкті.
20 маусым күні сағат 20:16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне кетті.
Сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Қала әкімдігі еріктілермен бірлесіп өртті сөндіруге қатысушылар үшін тамақ беру жұмысын ұйымдастырды.

Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды