$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2023, 10:56
Оқиғалар

Астанада шенеуніктерден құралған қылмыстық топ 350 мыңға жуық көлікті заңсыз тіркеген

Қылмыстың басты ұйымдастырушылары 10 жылға сотталды

Астанада шенеуніктерден құралған қылмыстық топ 350 мыңға жуық көлікті заңсыз тіркеген
Коллаж: Azattyq Ruhy

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Қ. Құдайбергенов және оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды», - делінген Антикор хабарламасында.

ҰҚТ-тың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді.

Сондай-ақ сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Барлығы олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары