$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2023, 08:43
Оқиғалар

Ақтөбеде кәріз бекетіндегі жарылыстан ауыр жараланған жұмысшы көз жұмды

Әйелдің денесінің 95 пайызын күйік шалған болатын

Ақтөбеде кәріз бекетіндегі жарылыстан ауыр жараланған жұмысшы көз жұмды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында кәріз сорғызу бекетіндегі жарылыстан жарақат алған әйел көз жұмды. Бес күн бұрынғы апаттан 48 жастағы жұмысшының денесінің 95 пайызы күйіп кеткен еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жұмысшыны аман алып қалу мүмкін болмаған. Өйткені денесін түгел күйік шалып, тыныс алу жолдары да зақымданыпты.

Оқиға өткен жұмада Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында болған. Кешкі кезекшілікті қабылдап алған жұмысшы сорғы бекетінің есігін ашып шырпы тұтатқанда жарылған.

Марқұмның жақындары кәріз сорғы бекетінде жұмысшыларға еш жағдай жасалмаған деп отыр. Арнайы киім де, қауіпсіздік үшін жабдықтар да жоқ көрінеді. Қазір тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.  

«15 маусымда жеткізді. Жағдайы өте ауыр болды. Денесінің 95 пайызы күйген. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Бірақ жарақаты ауыр болуына байланысты төрт күннен кейін есін жинай алмай, 19 маусымда қайтыс болды», - деді травматолог дәрігер Нұрлан Әбішев.

Серіктес жаңалықтары