20.06.2023, 12:54
Оқиғалар
Астанадағы банкке шабуыл: күдікті екі айға қамауға алынды
Оны сол күні полицейлер ұстаған болатын
Астанада Kaspi бөлімшесіне шабуыл жасап, 8 адамды тұтқынға алған күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мұрадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, қолында тапаншасы бар 30 жастағы азамат Астанадағы Kaspi банктің бөлімшесіне басып кіріп, жеті қызметкерді кепілге алған. Ол тұрмысы төмен отбасылардың несиесін жабу мен өз жақындарына жәрдем ету сынды талаптар қойған. Тұтқындарды босату операциясы екі сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Ал күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
27.08.2026, 12:54
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тапты: олардың өлімі неге есепке алынбай қалған
28.08.2026, 00:29
МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгенің негізсіз төлемі төленбей тұрып анықталды