$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.06.2023, 17:54
Оқиғалар

Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап, қаза тапты

Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге анықталған жоқ

Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап, қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдай 28 мамыр күні сағат 23:50-де болған. Ер адам Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың төртінші қабатынан  секіріп, қайтыс болды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері шақырылды. Аталған факті бойынша құзыретті органдар тергеу жүргізіп жатыр.

«Науқас тыныс алу жолдарының ауруларымен ауруханаға 27 мамыр күні түсті. Дәрігерлердің айтуынша, ол тиісті ем алып, өзін байыпты ұстады. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге анықталған жоқ», – деді басқармада.

Аурухананың әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізген, алайда медицина қызметкерлері тарапынан қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін фактілер анықталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары