Астаналық әйел жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған
Ол 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған

Астанада жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірнеше рет жасаған шағымынан кейін рейдтер жүргізді.
Рейд өткізу барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жастағы әйелді анықтады. Ол 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған.
Аталған фактіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастыру және оны ұстау бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот санкциясымен әйелге қатысты «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген полиция мәліметінде.