Қарағандыда 4 жасар қызды ұрлап кеткен Ресей азаматы астанада ұсталды
Ұрланған қыз анасына тапсырылды
Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен Ресей азаматы астанада ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы 4 жасар қызын көлікпен ұрлап кеткен.
Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" сәйкес тіркелді.
13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.
Ұрланған қыз анасына тапсырылды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде.