13.06.2023, 15:16
Оқиғалар
Қызылордада жеке компания аумағында ескі шиналар жанып жатыр
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
видеодан кадр
Қызылорда қаласында жеке компания аумағында ескі дөңгелектер жанып жатыр. Өрт аумағы шашамен 800 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«13 маусым күні сағат 11:12-де Қаратоғай көшесі, 43 мекенжайндағы ескі шиналарды кәдеге жарататын «Smart rubber» ЖШС аумағында өрт болды. 800 шаршы метр аумақта автокөлік дөңгелектерінің ескі шиналары тұтанды. Жалынның таралуына жол берілген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 45 адам 9 техникамен жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, Апаттар медицинасы орталығы филиалынан 4 адам 1 техникамен келді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды