Австралияда той қонақтары мінген автобус аударылды
Автобуста жас жұбайлар болмаған
Австралияда той қонақтары мінген автобус аударылды. Апат салдарынан он адам қаза тауып, 25 адам ауруханада жатыр. Көлікте жас жұбайлар болмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында үйлену тойына бара жатқан автобус аударылған.
Апат алдыңғы түні жолаушылар үйлену тойынан Хантер Веллидегі шарап зауытына келе жатқан жолда кезде болған. Бұл кезде аймақта қатты тұман болып, айналма жолға бұрылған кезде көлік аударылған.
Полиция 58 жастағы автобус жүргізушісіне айып тағып отыр, алайда оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбады. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Жергілікті БАҚ жараланғандардың кем дегенде біреуі әлі де ауыр жағдайда екенін хабарлайды. Қаза тапқандардың жеке басын анықталып жатыр.